ТЖМ құтқарушылары қарт әжеге көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Қызылорда қаласының үйлерінің бірінде 1935 жылы туған қарт әже есікті аша алмай, пәтердің ішіне құлап кеткен.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан әйелді тапты. Оған көмек көрсетіліп оны туыстарына тапсырды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бас құтқарушы Абай Кеңестің айтуынша, 9 жылдық еңбек өтілінің ішінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдырмау қажет.