ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған тұрғындарға көмектесті

ТЖМ құтқарушылары түнде Ұлытау облысындағы "Жезқазған – Петропавловкс" автожолында қар құрсауында қалып қойған үш жолаушысы бар көлікке көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 21 Қаңтар 2025 2025, 08:48
21 Қаңтар 2025 2025, 08:48
578
Фото: скрин

ТЖМ құтқарушылары түнде Ұлытау облысындағы "Жезқазған – Петропавловкс" автожолында қар құрсауында қалып қойған үш жолаушысы бар көлікке көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар шақырту орнына келіп, адамдарды Ұлытау ауылындағы туыстарына жеткізді.

Сондай-ақ Қарағанды облысындағы "Осакаровка – Молодежный" автожолында жолдан шығып кеткен жеңіл көліктен үш адам эвакуацияланды. Олар Молодежный ауылына жеткізілді.

Екі жағдайда да құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Наверх