Өткен түні Семей қаласының Березовка кентінде жеке меншік үйдің ауласында гараждың шатыры жанып, өрт шаруашылық құрылысқа ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жалпы ауданы 30 шаршы метр өрт сөндірілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрасыл Кеңесбек оттан сыйымдылығы 27 литр газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. ️Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.