ТЖМ құтқарушылары 60 шетел азаматын эвакуациялады

Эвакуацияланғандардың барлығы - Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының азаматтары

 Видеодан кадр 8 Маусым 2025 2025, 11:20
8 Маусым 2025 2025, 11:20
590
Фото: Видеодан кадр

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы республикалық маңызы бар Астана-Қарағанды-Алматы тас жолының 575 шақырымында Гүлшат ауылынан 14 шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ қызметкерлері бұзылған автобустан жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. 

Эвакуацияланғандардың барлығы - Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Наверх