ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері — халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары. Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ, от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті, — деп ескертті ведомство қызметкерлері.
Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры Сіздің қолыңызда!