Өткен тәулікте Еліміздің Төтенше жағдай министрлігінің күштері шақыртуларға 165 рет барды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның 76-сы өрттер мен жану оқиғаларына, 67-сі іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты болды.
Нәтижесінде 65 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!, - деп ескертті төтеншеліктер.