ТЖМ маңызды ескерту жасады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 23 Наурыз 2025 2025, 04:10
23 Наурыз 2025 2025, 04:10
1098

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қабаты жұқарып, адам өміріне қауіп төндіруде. Жарықтар мен ойықтар пайда болып, мұз астына түсіп кету қаупі артып отыр.

Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға мұзға, соның ішінде балық аулау үшін шығудан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ кез келген көлікпен мұз үстімен жүруге тыйым салынады, – деп жазылған хабарламада.

Министрлік ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруді ескертеді.

Наверх