ТЖМ «Қазақмыс» ғимаратының өртену себебін айтты

22 Қыркүйек 2021, 15:03
2824
Бөлісу:
ТЖМ «Қазақмыс» ғимаратының өртену себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

21 қыркүйекте сағат 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында өрт болды. Ғимараттың шатыры және қаптауы жанды. Өрт бойынша материалдарды зерттеу кезінде алдын ала болжам бойынша өртке өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауы болды. Яғни, битум мембранасының жабындысын газ жанғыш затымен үйкеу себеп болған. Материал полицияға жолданды. Материалдық шығын есептеліп жатыр. Жапа шеккендер жоқ, - деді ол.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте елордада «Қазақмыс» ғимараты өртеніп жатыр.Ол сол жағалауда Тұран даңғылы бойында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы