ТЖМ елімізде су тасқыны қаупі бар қанша аймақ тіркелгенін айтты

14 Сәуір 2022, 11:50
2092
Бөлісу:
ТЖМ елімізде су тасқыны қаупі бар қанша аймақ тіркелгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндап берді.

Ол ведомство төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың үйлестірушісі ретінде жыл сайын ведомствоаралық комиссияның отырыстарында республикалық және облыстық деңгейлерде, сондай-ақ Үкіметтің, Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарында су тасқынына дайындық мәселелері қаралатынын атап өтті.

Аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар олар Өңірлерді дамыту жөніндегі жоспарлы құжаттарда көзделеді. 2017 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлейтін су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол карталарын іске асыру өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгінгі күні еліміз бойынша 1 010 су тасқыны қаупі бар елді мекен бар, - деп айтты ТЖМ басшысы Юрий Ильин.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, өзен жағалауын нығайту, арналарын, каналдар мен арықтарды тазарту, қорғаныш бөгендері мен гидротехникалық құрылыстарды салу және жөндеу, жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату бойынша жүргізілген іс-шаралар су басу қаупін кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік берді.

Мысалы, 180 мыңнан астам халқы бар 340 елді мекеннен қауіп-қатері алынып тасталды және 231 мыңнан астам халқы бар 385 елді мекенен қауіп-қатер барынша азайтылды, 285 елді мекен үшін су басудың ықтимал қаупі сақталуда, олардың 132-сі бұрын картамен көзделген жоқ. Осыған байланысты әкімдіктермен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне түзету жүргізу жоспарланып отыр, ол жаңа қауіпті учаскелермен толықтырылады, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы