Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өткен демалыс күндері бірнеше құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрліктің мәліметінше, 7 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында "Қарабұтақ-Қостанай" республикалық маңызы бар автожолының 135 км ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен "РФ Челябинск қаласы – Шымкент қаласы" бағытында бара жатқан техникалық ақауы бар Yutong маркалы жолаушылар автобусынан 34 жолаушы С.Т. Жүргенов орталық мешітіне эвакуацияланды.

7 желтоқсанда кешке Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан 4 км жердегі "Орлога" демалыс аймағы ауданында ТЖД және ПД күштерімен күндіз "Шайтан көл" жаққа шығып, адасып қалған 4 адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланды. Жоғалған адамдар демалыс аймағынан 4 км қашықтықта табылды, - делінген хабарлама.
7 желтоқсанға қараған түні Қостанай облысы Жангелдин ауданының Саға ауылында ТЖД, ПД және туыстарының күштерімен 1994 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді, ол 6 желтоқсан күні түстен кейін атқа мініп, белгісіз бағытта мал іздеп қайтып оралмады. Саға ауылынан 20 км қашықтықта іздеу тобы ашық аумақта жоғалған адамды табынмен бірге тапты.
9 желтоқсан күні таңертең Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында Юбилейное ауылының маңында ТЖД күштерімен ақауы бар жеңіл автокөліктен Құлан ауылына жүргізуші жеткізілді, - деп хабарлады ТЖМ.
ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады.