ТЖМ авиациясы қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды

ТЖМ қолайсыз ауа райында көліктен шықпай, құтқарушыларды күтуге кеңес береді.

 ТЖМ баспасөз қызметі Кеше 2026, 21:48
Кеше 2026, 21:48
594
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысының Қаратал ауданында екі тұрғын жеңіл автокөлікпен қыстаудан Үштөбе қаласына бет алған кезде лайсаң мен қалың қарға батып қалған. Оларға көмекке бортында құтқарушылар тобы бар «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар алдымен бір автокөлікті тауып, оны жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды. Жүргізуші ТЖД қызметкерлерінің сүйемелдеуімен сапарын жалғастырды.

Кері қайтар жолда экипаж далада қалып қойған тағы бір көлікті байқап, ішіндегі екі адамды эвакуациялады.

ТЖМ қолайсыз ауа райында көліктен шықпай, 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды күтуге кеңес береді.

Наверх