ТЖМ Алматыда аптап ыстық болатынын ескертті

21 Шілде 2022, 11:33
1448
Бөлісу:
ТЖМ Алматыда аптап ыстық болатынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 21 шілдеде ауа райы 36-38 градус ыстық болатынын қаланың Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. 

Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті. Сыртқа шықпай, үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылауда ұстау керек, - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы