ТЖМ: Абай облысында адамдарды құтқару жұмыстары аяқталды

Абай облысы Көкпекті ауданында адамдарды құтқару бойынша арнайы операция аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 17 Ақпан 2024 2024, 03:17
17 Ақпан 2024 2024, 03:17
1048
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысы Көкпекті ауданында адамдарды құтқару бойынша арнайы операция аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қар құрсауынан 381 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды. Құтқарылғандар жылыту пункттерінде орналастырылған. Қазіргі уақытта қар құрсауында қалған барлық машиналар тексерілді. Одардың ішінде адамдар жоқ. Барлығы құтқарылып, жылыту пункттерінде орналастырылған, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Ертең таңертең жолды тазарту және техниканы қар үйінділерінен шығару жұмыстары жалғастырылады.

Еске сала кетейік, Абай облысына қарасты Көкпекті ауданында ауа-райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілген болатын.

Наверх