Тараз қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының кең ауқымды көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртті сөндіру және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде пайдаланылатын ең үздік арнайы техникалары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеден кейін құтқару техникасының салтанатты шеруі өтті. Заманауи көліктер колоннасы қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, төтенше жағдай қызметінің кез келген сәтте әрекет етуге дайын екендігін паш етті.
Бұл шара төтенше жағдай қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, тұрғындарға қауіпсіздік мәдениетінің маңыздылығын еске салды.
Тараз тұрғындары күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген ержүрек құтқарушыларды зор құрметпен қарсы алды.