ТЖД жылыту маусымына қатысты қауіпсіздік шараларын түсіндірді

18 Тамыз 2021, 15:50
2233
Бөлісу:
ТЖД жылыту маусымына қатысты қауіпсіздік шараларын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын күн салқындап, жылыту маусымы жақындағанда қайғылы оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаменті жер үйлерді аралап, рейд жүргізеді.

Ведомствоның мәлімдеуінші бұл шара екі кезеңге бөлінеді. Алғашқысы 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, ал екіншісі 15 қыркүйектен бастап жылыту кезеңінің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аралау барысында пештер мен мұржалардың, электр жылытқыштардың орнатылуына баса назар аударылады. Сол сияқты өрттің алдын алу жөніндегі жадынамалар тапсырылады.

Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңін өткізу кезінде әлеуметтік қорғау, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жоспарланған. Бұл жағдайы төмен отбасыларды қауіптен құтқару үшін жасалады.

Статистикаға сәйкес, биыл жыл басынан бері қаламызда 469 өрт тіркелді. 

Шақырулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 60%) тұрғын үй секторына тиесілі.

Өрттің басты себептері:

- отты абайсыз пайдалану;

- электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу;

- жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;

- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте түтін қалдықтарын күйеден, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Электр құралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар. Ақауы бар розеткаларды, басқа да заттарды қолданбаңыздар. От жанған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, сол сияқты өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пештерді қолданбаңыздар. Қауіпсіздік шараларының сақталмауы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өзгелердің жаңалығы