Биылғы жылдың 6 наурызында Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, облыста ауа райының қолайсыздығы өршіп тұр. Наурыз қарлы болды. Жолдарды тазарту жалғасуда,тазалау жұмыстары қатты желдің әсерінен қиындайды. Құтқарушылар да қолайсыз ауа-райының қиындықтарына тап болады. Бұл күндері олар күшейтілген режимде жұмыс істейді, кептеліп қалған жүргізушілерге көмектеседі, тоқтап қалған автокөліктерді сүйрейді, Азаматтарды елді мекендерге эвакуациялайды.
Авариялық-құтқару қызметтерінің алдына адамдардың қаза болуына жол бермеуге және төтенше жағдайлардан келтірілген залалды азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешенін жүргізу міндеттері қойылды.
Ағымдағы жылдың 6 наурызында кезекші тәулікте Қостанай облысы ТЖД бөлімшелері Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді. 24 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала. ТЖ салдарын жоюға 10 қызметкер мен 4 бірлік арнайы техника қатысты. Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттердің, ТЖД (4 адам л/с, 2 бірлік техника), ПД (5 адам л/с, 4 бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға 4 жылыту пункті дайындалды. Автокөліктің жиналуы дерегі тіркелмеді, - делінген ведомство хабарламасында.
Ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: қолайсыз ауа райында жолға шықпаңыз. Өміріңізге қауіп төндірмеңіз!