ТЖД өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамераларды пайдаланады

8 Шілде 2022, 13:17
1235
Бөлісу:
ТЖД өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамераларды пайдаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай цифрлық инновация өртті екі көрсеткіш: түтін және жоғары температура бойынша ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Р.Қасыбаев ТЖД цифрландырудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, Алматы да бұл пилоттық жобаны жүзеге асырғысы келетінін айтты.

Біз табиғи парк аумағында смарт-камера деп аталатын оптикалық сенсорлық және тепловизор қондырғыларын енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Температура камералары арқылы бейнебақылау жаяу және әуе патрульдеріне қарағанда тиімді және арзан болып саналады, - деді ол.

Айта кетерлігі, мұндай камералар тұтану көздерін автоматты түрде анықтауға, олардың пайда болу координаттарын анықтауға және күштер мен өрт сөндіргіштерді жеткізу үшін ыңғайлы маршруттарды құруға қабілетті.

«Қазавиаорманқорғау» Алматы құтқарушыларына өртті тез арада жоюға көмектеседі. Ыстық кезеңде күн сайын таулы-орманды аймақтың үстінен ұшу жүзеге асырылады. Патрульдеу кезінде дауысты сөйлейтін құрылғысы мен тепловизоры бар дрон қолданылады.

Дрон өрт шыққан жерлерді анықтауға және оған ТЖД мобильді топтарын жіберуге мүмкіндік береді. Осындай сын-қатерлердің барлығы жоғары қауіптілік дәрежесіне ие, - дейді полковник.

Қазіргі уақытта ТЖД-да өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шұғыл ден қоюдың жиынтық жасағы өрістетілді, Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің авиабөлімшелері жауынгерлік әзірлікте тұр.

Өзгелердің жаңалығы