ТЖД алматылықтарға ескерту жариялады

16 Қараша 2022, 22:35
1339
Бөлісу:
ТЖД алматылықтарға ескерту жариялады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 қараша күні Алматы қаласында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қар мен көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер үшін де, көліктер үшін де жолда жүру қаупі арта түсетінін еске салды.

Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД ескертеді:

- көшелерден тек жол қозғалысы ережесімен белгіленген орындардан ғана өту керек;

- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;

- алдыңызға, аяқтың астына қарап жүріңіз;

- аяқ киімді дұрыс таңдау керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

- есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісінен де адамдар жиі құлап, жарақаттануы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы