ТЖД. Ақтөбе облысында қысқы кезеңге дайындық тексерілді

2 Қараша 2021, 20:33
902
Бөлісу:
ТЖД. Ақтөбе облысында қысқы кезеңге дайындық тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментімен қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару іс-шараларын жүргізу үшін азаматтық қорғаудың 37 құралымының күштері мен құралдары, 932 адам мен 517 бірлік техника дайындыққа келтірілді. 

Барлығы 156 жылыту пункті, 14 мың тоннаға жуық инертті материалдар дайындалды.

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев Ырғыз, Әйтеке би және Хромтау аудандарына жұмыс сапары барысында өңір әкімдерімен кездесіп, қысқы кезеңге дайындық барысын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығы туралы талқылады.

Қазавтожол қызметкерлерімен бірлесіп аудандарындағы қар басуы мүмкін учаскелер тексерілді. Бұл аудандар арқылы өтетін Самара-Шымкент республикалық маңызы бар трассаларды күтіп ұстау үшін мердігерлік кәсіпорындар қызмет көрсететін болады.

Айта кету керек, бұған дейін Департамент бастығының орынбасары Қайрат Қасымның төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және облыстың жол ұйымдарының басшылығымен қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Және азаматтық қорғау құрылымдарының қысқы кезеңде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындығы мәселелерін талқыланды.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» филиалымен бірлесіп дауылды ескертулер туралы ақпарат алу және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қызметтерге дереу жеткізу бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Сондай-ақ халыққа ақпарат БАҚ және SMS-хабарламалар және «DARMEN» мобильді қосымшасы арқылы жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы