Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты келесі құрамдардың жүруі уақытша тоқтатылады:
- №10 Нұр-Сұлтан1 – Алматы2 Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;
- №9 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан1 Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында 1 күнге;
- №29/30 Атырау – Алматы1 Атырау станциясынан а. ж. 16 желтоқсанда Алматыдан қайту а. ж. 18 желтоқсанында 1 рейске;
- №3 Алматы 2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а. ж. 15 желтоқсанында кері Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске;
– №505/506 Алматы 2 – Жезқазған Алматы-2 станциясынан жөнелту арқылы а.ж. 15 желтоқсанында Жезқазғаннан кері қарай а. ж. 16 желтоқсанында 1 рейске.
Пойыз жолаушыларына сатып алынған темір жол билеті үшін ақшалай қаражат қайтарылады.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» тегін нөміріне және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм ботына жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, қатты жел мен аяз салдарынан Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.