Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшының тапсырамасымен қаңтардың 5-19 аралығында еліміздің барлық өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Осыған байланысты ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері іс-шараларға қатысуда.
Әскери бөлімшелер өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағында стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетуді жүзеге асырады.
Құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып елді мекендердегі кіреберістерде бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар орындау үстінде.