ТЖ министрінің қоян-қолтық ұрыстан 1-ші Кубогы басталды

Бөлісу:
ТЖ министрінің қоян-қолтық ұрыстан 1-ші Кубогы басталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

25 команда, төрт жүзден астам спортшы ТЖ Министрінің бірінші Кубогының иегері, Үздік жауынгер атағына таласады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысты өткізу құрметіне Ақмола облысы ие болды. 

Ерлер мен әйелдер командаларының жеңіл салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жектері өтті. Айта кету керек, қатысушылардың көпшілігі қазірдің өзінде титулды спортшылар, бұл турнирдің деңгейін растайды. Мысалы, Диана Амантаева 2 апта бұрын Бішкекте өткен Азия чемпионатының күмісін жеңіп алды. Төрешілікті Ұлттық санаттағы және халықаралық деңгейдегі төрешілер жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ Министрінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде "BATYR TEAM" спорт клубы құрылды. Бұл турнир осы клуб аясында өткізіліп, Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орайластырылған.

Жарыстарды өткізудің маңызды мақсаты – ТЖ министрлігінің құрама командасына іріктеу, ол республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда азаматтық қорғау органдарының атынан қатысатын болады.

Өзгелердің жаңалығы