ТЖ: 340 елді мекенде су тасқынының алдын алды

31 Наурыз 2022, 13:07
2010
Бөлісу:
ТЖ: 340 елді мекенде су тасқынының алдын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде 340 елді мекенді су басу қаупі алдын алынды. 385 елді мекенде қауіп төну азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде де су басу қаупі сақталған.

Юрий Ильин азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы айтты.

ТЖ болған жағдайда 112 телефоны бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ ауа райының өзгеруін қадағалаңыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемеңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз.

Сонымен қатар елімізде эвакуацияланатын халықты қабылдау үшін 2502 пункт дайындалды.

Оңтүстік өңірлерде өтімділігі жоғары техникамен және жүзу құралдарымен жарақтандырылған құрама құтқару жасақтары құрылды, олар қажет болған жағдайда елдің орталық және солтүстік өңірлеріне алдын ала жіберілетін болады. Эвакуацияланатын халықты қабылдау үшін 2502 пункт дайындалды, маршруттар жаңартылды, көлік анықталды. Халықты хабардар ету мәселелері алдын ала пысықталды. Бұл құлақтандыру жүйесін дайындау, телерадио хабарларын қармау, СМС-хабарламалар тарату, интернет-ресурстарды пайдалану, патрульдік полиция машиналарын тарту, - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. 

Өзгелердің жаңалығы