ТЖ: 29 өрт техникасы қирап, 10 құтқарушы жарақаттанды
8 Қаңтар, 10:42 1002

ТЖ: 29 өрт техникасы қирап, 10 құтқарушы жарақаттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖ министрлігінің төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері туралы ресми ақпарат таратты.

Еліміздің кейбір өңірлерінде болған бұзақылықтар барысында адамдардың өмірі мен олардың мүлкін өрттен құтқарып, қызметтік міндетін атқарып жүрген қарусыз өрт сөндірушілерге қарсы шабуыл жасалды. Бұл адами құндылықтар мен моральдық нормаларды бұзушылық болып есептеледі, - делінген министрлік хабарламасында.

Дүниежүзінде тіпті әскери қақтығыстарда қатысуші екі тарап құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне өз міндеттерін орындауға кедергі келтірмейді.

Қазіргі уақытқа дейін өртті сөндіруге бара жатқан немесе сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілерге жасалған 33 шабуыл оқиғасы тіркелді. Тәртіп бұзушылар өрт сөндірушілерге тас лақтырып, оқ атты және жолдарды автокөліктермен бөгеді. Өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері әртүрлі жарақат алды, біреуі оқ жарақатын алды. Алматы қаласында сегіз қызметкер, ал Ақтөбе облысында екі қызметкер жарақат алды, - делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Шабуыл салдарынан 29 өрт техникасы қирады, оның ішінде 5 өрт автоцистернаны тәртіп бұзушылар толығымен өртеп жіберді.

Бұзақылыр тарапынын көрсетілген қауіпке қарамастан, ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметі 81 өртті сөндіріп, 143 адамды құтқарып қауіпсіз жерге көшірді.

Еліміздің барлық өңірінде ТЖМ кезекші қызметтері өрт туралы шақыртуларды қабылдап, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...