Жапониялық тырнақтан неке жүзігінің тасын жасап шығарған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неке жүзігінің тасын өз тырнақтарынан жасаған Жапония тұрғыны желіні шулатты.</h4>

 28 Қазан 2019 2019, 18:48
28 Қазан 2019 2019, 18:48
3293

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неке жүзігінің тасын өз тырнақтарынан жасаған Жапония тұрғыны желіні шулатты.

2418498.jpg

The Sun хабарлауынша, Kiwami Japan YouTube-каналының авторы бір жыл бойы өзінің тырнақтарын жинап жүрген. Қажетті мөлшерді жинап болған соң ол тырнақтан "бриллиант" тасын жасауға кіріскен.   

Алдымен жапониялық тырнағын ұнтаққа айналдырған, алынған массаны 90 минутқа микротолқынды пешке салып қойған. Кейіннен пайда болған қоймалжың затты қысып тығыздайтын құрал арқылы силиконнан жасалған ромб тәрізді қалыпқа салып қойған.




2418497.jpg

Бірнеше сағат өткен соң ер адам қара түсті тасты алып шығып, оны өңдеп, күміс жүзікке салды. 



Көптеген желі қолданушылары бұндай сыйлықтың жиіркенішті екенін айтты. Ал басқалары жапониялықтың тапқырлығына тәнті болып, қабілетіне таң қалды.


Наверх