Тыныс Дүбек күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

1 Шілде 2024, 05:45
398
Бөлісу:
Тыныс Дүбек күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды
Фото: скрин

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль иеленді.

Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді.

Айта кетелік, Тыныс Дубек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен.

Өзгелердің жаңалығы