Тыңшылық жасауы мүмкін: Иранда Израиль барлауымен байланысы бар бес адам қамауға алынды

Ұсталғандарға Израиль барлауына пайдасына тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр.

 freepik.com Бүгiн 2026, 20:14
Бүгiн 2026, 20:14
199
Фото: freepik.com

Иранда Израильдің «Моссад» барлау қызметімен байланысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Операция елдің солтүстігіндегі Хорасан провинциясында жүргізілген. Оны Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) барлау қызметі жүзеге асырған.

Ұсталғандарға Израиль барлауына тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр. Алайда іс бойынша қосымша мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Наверх