Тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден келеді

16 Ақпан 2023, 22:29
3121
Бөлісу:
Тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден келеді
PHOTO
Фото: автордан

Елдің ауылшаруашылығы саласына қажетті тыңайтқыштың 90 пайызы көрші мемлекеттерден импортталады. Олардың дені Ресей, Белорусия және Украинадан келеді екен. Ал шаруалар миллиардтарды далаға шашып, көңнің өзін көршілерден тасымай, тыңайтқышты жергілікті жерде өндіруге болады дейді. Ел азаматтарды тиімді тәсіл де тапқан. Қанатқақты жобаға үкімет қолдау білдірсе дейді, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Мұнайлы өңірдегі 42 шаруа бірігіп, өз күштерімен кооператив құрған. Басты мақсат – өңірдің тұзды топырағын құнарландырып, сапалы өнім алу. Шаруалар баламасы жоқ биоорганикалық тыңайтқышты шылаушын құртымен өңдейді.Кейін оны егінге қолданады. Бұл әдісті АҚШ, Еуропа  елдерінің шаруалары жарты ғасыр бұрын қолданысқа енгізген. 1959 жылы ғалымдар зертханда жабайы жауын құрттарын будандастыру арқылы калифорниялық шылаушын құртын өмірге әкелді. Тез көбейіп, жылдам жетілетін жәндік 16 жылға дейін тіршілік етеді. Қызыл құрт  малдың көңімен қоректеніп, 6 айда оны толықтай  құнарлылығы жоғары биогумуске айналдырады. Ал Қазақстанның оңтүстік аймағына 10 жыл бұрын келген. Атыраулық шаруалар болса соңғы 3 жылдан бері қолда  өсіреді.

Тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден келеді

Бізде шикізат өте тапшы. Қазір өз күшімізбен техника жалдап, бәрін өзіміз тасимыз. Ауылдық жерлерде сол шикізатты далаға қоқысқа төгеді мысалы. Соған бізге арнайы полигон алаңын ашып берсе, сол жерге бәрін жинап берсе, бізге үлкен көмек болар еді. Саланы дамытып, көп өнім алуға көмек көрсетер едік,-дейді кооператив төрағасы Асқар Құлман. 

Егін салып, жылыжай шаруашылығымен айналысатын қожалықтар – шетелден тасымалданатын тыңайтқыштың қымбаттаған бағасынан, минералды қоспалардың бірнеше жылда жер қыртысын зақымдайтын  зиянынан әбден қажыған. Салдарынан өнім көлемі кеміп, егіншілікпен айналасатын диқандар қатары жыл санап азайып барады. Ал қара алтынның отанындағы шаруалар шылаушын құрты өңдеген тыңайтқышты егінге қолданып жүр. Химиялық қоспасы жоқ боигумус – жеміс-жидектің құнарлығынын аттырып, дәрумендік қуатын күшейтеді. Сондай-ақ, облыс аумағында орман өсіруге, қаланы абаттандыруға да берер өндімділігі мол.

Тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден келеді

Дүниежүзінде қазір органикалық тыңайтқышқа деген сұраныс өсіп отыр. Білесіздер, біз өз өнімдерімізді Ресейге өткізе алмай, қанша қияр мен қызанақ, бәрі шіріп кетіп жатыр. Ол неден, ол нитраттың жоғары болуынан.Нитраттың жоғары болып кетуі қай мемлекетке де өзінің зиянын тигізеді,-дейді Жоба жетекшісі Пернебек Оразұлы.

Өңірде егіншілікпен айналысатын 400 ге тарта шаруашылық бар. Мемлекет оларға 4 бағыт бойынша субсидия бөледі. Соның ішінде минералды тыңайтқыштарға да қаржы қарастырған. Биыл жауапты басқармадағылар бұл бағытқа 78 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Былтыр тыңайтқыштарға 68 млн теңге бөлдік. Биыл ол 78 млн ға дейін артып отыр. Жеткілікті деп ойлаймыз. Тыңайтқыштың 17-18 түрі бар. Жеткізіп беретін 2 ірі зауыт. Олар шаруашылықтардан тапсырыстарды жинақтап, вагонды салмақ бойынша, яғни 67-68 тоннадан әкеледі,- дейді Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Т.Әміров.

Тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден келеді

Үкіметтен қолдау көрмегесін, елдің түкпір түкпіріндегі  3 мың фермер бірігіп, өз күштерімен кооператив құрған. Бүгінде қорында 1 мың кубқа жуық биогумус бар. Бұл өңірдегі сұранысты қанағаттандыра алмайтыны анық. Сондықтан да,  шаруалар облысқа қажетті он мың куб тыңайтқышты өндіруге ниетті. Оған жету үшін қала маңындағы қожалықтардан, фермалардан ашық қоқыс полигондарына төгілген малдың көңін кооператив аумағына тасымалдауға техника мен қомақты қаражат керек. 

2020 жылы мемлекет басшысының өзі жолдауында, өңірлерде кооперативтер құрып, миллиондаған адамға жұмыс орындарын ашу қажеттігін айтқан болатын. Тапсырма орындалса, тың жобаның тынысы ашылып, өнімі артары сөзсіз. Бұл жүздеген шаруға арзан әрі табиғи жолмен өңделген құнарлы өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Алда жоба мемлекет тарапынан қолдау көреді деген үлкен үмітте. 

Өзгелердің жаңалығы