Тұзды суда коронавирус өле ме? – Дәрігер жауап берді

20 Шілде 2020, 19:25
7185
Бөлісу:
Тұзды суда коронавирус өле ме? – Дәрігер жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Дерматология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Жұлдыз Данбаева "тұзды суда коронавирус өледі" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ерементау жақта қызғыл түске боя­лып жатқан көл бар екенін естідім. Өзім барып көрмегенмін. Жалпы, тұздың вирусты өлтіретін ешқандай әсері жоқ. Егер олай болса, шетел ғалымдары оны дәлелдеп, Нобель сыйлығын алатын еді ғой. Оның қандай тұз екенін ешкім зерттеген жоқ. Бұл енді жеріміздің байлығы ғой. Экологтар оны қорғау керек. Мұндай жалған ақпараттар тарай берсе, камазбен тасып босқа құртады. Ешқандай тұздың вирусқа әсері жоқ. Тұзды сумен шомылып, аздап денедегі бактерияларды өлтіруі мүмкін. Бірақ одан жазылады деген жаңсақ пікір. Мұның алдын алып, халықты тоқтату қажет. Зерттелмеген, расталмаған ақпараттарға сенбеңіздер. Бұл сатып, пайда табуды көздегендердің әрекеті, - дейді Жұлдыз Данбаева.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде COVID-19 ауруына қарсы "дәрі" ретінде Көбейтұз көлінің тұзының келісі 5 мың теңгеден сатылып жатқаны тараған болатын.

Көл маңында халық қарасы көбейіп кеткендіктен, аталмыш көл карантинге жабылды. Ал оның тұзын қазып алушылар жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы