Бұл жайлы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда бизнес субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
4,7 млн теңге сомасына 63 бизнес субъектісіне айыппұл түрінде, өткен жылмен салыстырғанда өсім 133,1% (2022 жылы 32 бизнес субъектісі сомасына – 3 524,9 мың теңге.) болса, ескерту түрінде 618 бизнес субъектісі болды. Сонымен қатар, талап-арыз қызметі жүзеге асырылады,-деді Асқар Тынысбеков.
Былтырғы жылы барлығы 169 талап-арыз қойылса, оның ішінде 109 талап-арыз бойынша Комитет пен департаменттер үшінші тарап ретінде қатысқан.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат қайтарылды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 134,8% құрады,-деді спикер.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 50 866 өтініш түскені туралы осыған дейін жаздық.