Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.
Барлық халықаралық ұйымдар егемендіктің қалыптасуын Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және оның мәртебесімен байланыстырады. Астана декларациясына 20 жыл бойы ешкім қол қоймады. Елбасының мәртебесінің арқасында Астана декларациясына халықаралық қауымдастық назар аударды, - деді ол.Бәшімов айтып өткендей, Конституция негізінде жазылған барлық ереже тұрақтылықтың белгісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты Елбасы қалаған саясат негізінде жүзеге асырылып жатыр. Елбасының ел үшін жасаған барлық бастамасы халық пен қоғамның игілігі үшін жасалды, - деді Бәшімов.