Британиялық диетолог Эмили Лиминг құрамында май көп тойымды түскі ас ұйқыны келтіруі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Daily Mail таратқан мәліметке сәйкес, күннің екінші жартысында сергек жүру үшін жеміс-жидек пен жаңғақ жеген абзал.
Жас жүргізушілерге жасалған ғылыми зерттеу барысында ғалымдар жеңіл (300 калория) және тойымды (900 калория) түскі астан соң автокөлік айдау қалай болатынын байқап көрген. Түскі асты тойып ішкен жүргізушінің ұйқысы келгені миды сканерлеу нәтижесінен анықталғаны айтылды.
Майдың мөлшері көп тағамды тұтыну ұйқыны келтіретін гормонның бөлінуіне әкелетіні анықталды. Оның алдын алу үшін тұтас дәнді нан, жарма сынды күрделі көмірсулар мен тауық еті, хумус немесе ірімшік сынды жеңіл ақуызды жеген дұрыс.
Сондай-ақ түскі астан соң жеміс немесе аз ғана мөлшерде жаңғақ жеуге болады. Олар асқазанға ауырлық сезімін тудырмай, организмге қуат сыйлайды.