Психология саласы қазіргі уақытта трендке айналған мамандықтың біріне айналды. Ал көпшілік ортада дауысың анық, жағымды болу да өзгелердің психологиясына әсер етуі мүмкін. Тіпті, сол арқылы жетістікке жетуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Подкасттың бүгінгі қонақтары Энергокоуч, психолог – Құралай Қалиева мен диктор, радиожүргізуші, брендвойс – Бибігүл Керімова.
Шығарылымда қонақтарымыз кез келген проблеманың түбі психологиядан басталатынын айтып, адам даусының сиқыры мен мүмкіндіктерімен бөліседі.
Неге сыбырлап сөйлеуге болмайды?
Жатырдағы баланың психологиясын программалауға болады ма?
Неге шынайылық жоғалып бара жатыр?
"Рамкада" өскен балалар кімдер?
Карьера қуған қыздар бақытсыз ба?
Жасандылық жүректің жабылуынан болады ма?
Дауыс арқылы баюға бола ма?
Әдемі - нәзік жанды аруларымыздың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді талқылайтын подкаст.
Біздің басты мақсат- әртүрлі тақырыптарға ашық сөйлесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап табу.
Жобаның алдыңғы шығарылымының қонақтары ҚР еңбек сіңірген әртіс Айткүл Құдайбергенова мен қызы, әнші, актриса - Салтанат Құдайбергенова болды.