Бұл туралы Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің мүшесі Баян Тойкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда қоғамдық кеңестердің алдына жаңа міндеттер қойылды. Бұл – азаматтардың сенімін қамтамасыз ету, қоғам, саясат пен мемлекет арасында әріптестік модель қалыптастыру. Мемлекет басшысы да өз Жолдауында қазіргі уақытта қоғамдық кеңестер азаматтардың сенімінен шығу арқылы жұртшылықтың шешім қабылдауға белсенді қатысуын қамту қажеттігін айтты, - деп атап өтті қоғамдық кеңес мүшесі Қоғамдық даму институтының алаңында өткен сараптамалық кездесуден соң берген сұхбатында.
Айтуынша, ол өзі кірген қоғамдық кеңестің мүшелігінде бүгінде 26 адам бар.
Өзім еліміздегі Әйелдер альянсы күштеріне мүшемін. Қоғамдық кеңеске мүше мен үшін үлкен тәжірибе. Мен Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңеске мақсатты түрде келдім. Себебі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысып, қоғамның дертіне айналған жайттармен күресуге үлесімді қоссам деймін. Қоғамдық кеңеске келе сала дөңгелек үстел ұйымдастырып, ІІМ, Бас прокуратура органдарын, қоғам қайраткерлерін шақырдым. Жиын барысында проблемаларды талқыға салып, оны шешудің жолдары мен нұсқаулықтарды әзірледік. Қазіргі таңда ол (шешу жолдары - ред.) талқыланып жатыр, жақын арада шешім қабылданады деп күтудеміз. Президент те Жолдауда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырғаны белгілі. Жуырда тиісті заң жобасы қабылданады деп үміттенемін, - деді Баян Тойкебаева.