Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма?

Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма?
Фото: ОКҚ

Енді тұрмыстық жанжалдардан туындайтын заңбұзушылықтармен арнайы құрылған бөлімше айналысатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылдан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің құрылымында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасы өз жұмысын бастайды. Бұл құрылым барлық облыстық, қалалық және аудандық ішкі істер бөлімшелерінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылмен тікелей айналысады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма?

Бүгінгі күні полицейлер профилактикалық әңгімелесуден қылмыстық қудалауға дейінгі жұмыстарды жүргізіп келеді. Алайда статистикаға қарасақ, жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам хабарлама түседі. Жағдайды түзету үшін өткен жылы Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заңға қол қойды. Нәтижесінде 2024 жылдың соңына дейін елде зорлық-зомбылық жасау және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша 7 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелді. Бұрын бұл әрекеттер бойынша күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма?

Брифингте журналистер Ренат Зұлхайыровтан "Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін істі болған азаматтардың жеке басы туралы ақпараттар ашық түрде жариялануы мүмкін бе? Бұл болашақта осы санаттағы қылмыстарды болдырмауға, қыз-келіншектерге жөні түзу емес жігіттерден аулақ жүруге көмектесетін еді" деген сауал жолдады.

Бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Жеке өмір жайлы құпия бар, әзірге мұндай ақпараттарды жариялау ойымызда жоқ. Қызық ұсыныс, бірақ біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылған тұлғалар туралы ақпаратты жариялауды әзірге жоспарлап отырған жоқпыз, - деп түсіндірді ол.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма?

Қазақстан ТМД-да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің осындай кешенді моделін енгізген бірінші ел болып табылады. Жаңа бөлімшеде негізінен әйел қызметкерлер қызмет атқаратын болады.

Өзгелердің жаңалығы