Тұрлыхановтың сауалына жауап: Қазақстанда кальянға тыйым салынуы мүмкін

20 Ақпан 2024, 17:25
3629
Бөлісу:
Тұрлыхановтың сауалына жауап: Қазақстанда кальянға тыйым салынуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Үкімет Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың кальянды тұтынуға тыйым салу туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрлыханов кальянның елге кіруіне, оның тұтыну заңдылығына тексеру жүргізу мәселесін көтерген болатын. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін, оның ішінде кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларын сату мен тұтынуды реттейтін нормативтік база қалыптастырылды.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тамақтану пункттерінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу белгіленген. Ішкі істер министрлігі заңнамамен тыйым салу белгіленген орындарда, сондай-ақ автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салудың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, - делінген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың ресми жауабында.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген тыйымдарды орындамаумен байланысты 18 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, шамамен 700 млн теңге сомасында айыппұл салынған.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зертханалық зерттеулер кальян сұйықтығында өкпенің қабынуын тудыратын, сонымен қатар емделуі қиын аспергилл грибогы, ашытқы, аса қауіпті бактериялардың (көгілдір таяқша, алтын түстес стафилококк) жиналатынын растайды.

Қауіпті микроорганизмдермен қатар уытты химиялық заттар да зиянды әсер етеді. Осылайша, кальянда бір толтырғанда орта есеппен 8,32 мг никотин болады (сигаретте – 1 мг-нан аз).

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес биылреттеушілік әсерге талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Оның нәтижелері бойынша кальянның, кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларының айналымына толық тыйым салуды заңнамалық енгізу мәселесі қаралады, - деп жауап берді Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы