Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рейд кезінде Жұмабаев көшесінде орналасқан темір қабылдау орнында қуатты кабельдер анықталып, тәркіленді.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы" ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, қара және түсті металл және басқа да бағалы қ/б материалдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттердің жұмысын пысықтау бойынша тұрақты түрде жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізеді.
"Қабылдау пункттерін күнделікті аралау барысында, "Алматы" ауданының ПБ қызметкерлері қабылдау пункттерінің иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, 30 қазандағы рейд кезінде Жұмабаев көшесінде орналасқан темір қабылдау орнында қуатты кабельдер анықталып, тәркіленді. Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде.
Іс-шараны өткізу кезінде, ұрланған түсті металлдарды сатып алуға жол бермеу туралы профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.