Алматы қаласынының Түрксіб ауданында 56 жобаға 875 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
Аталған қаражатқа 56 жобаны, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда.
Айта кетейік, бөлінген қаражат шеңберінде (813,3 млн теңге) жыл басында 26 жоба іске асырылатын болады. Қосымша қаражатты ескере отырып, жалпы аудан бойынша 82 жоба іске асырылады.