Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Абдулла Гүл Түркиядағы міндеттерін тәмамдаған Қазақстанның Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байелмен болған кездесуде мәлімдеді, депа хабарлады 24.kz.
Қазақстанның 30 жылда мемлекеттігін нығайтып, үлкен табыстарға қол жеткізгенін атап өткен Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның бұрынғы Мемлекет басшысы еліміздің жаңа кезеңде ауқымды өзгерістерді жүзеге асыра отырып одан сайын дами беретініне сенім білдірді.
А. Гүл әлемде демократия эрозияға ұшырап жатқан кезде Қазақстанда керісінше ауқымды саяси реформалардың қолға алынып, билік өкілеттіктерінің әртүрлі институттар арасында теңгерімді түрде үлестіріліп жатқандығының астын сызды. Түрік саясаткерінің айтуынша, Қазақстанның қаңтар оқиғаларынан кейін жабылып, бостандықтарды шектеудің орнына реформалардың қарқынын күшейте түсуі – үлкен көрегендіктің белгісі. Қазақстанның Орталық Азия мен Түркі әлеміндегі ерекше роліне тоқталған Түркияның бұрынғы Мемлекет басшысы Президент Қ. Тоқаевтың үлкен тәжірибесі мен дұрыс қадамдарының Қазақстанның әрі ішкі саяси тұрақтылығын, әрі халықаралық аренадағы орнын күшейте түсетінін атап өтті.
Өз кезегінде Абзал Сапарбекұлы мен Әлім Байел екі ел арасында соңғы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы айтып беріп, Түркияның 11-президентіне қазақ-түрік ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін алғыс білдірді.