Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияның беделді Anadolu Ajansı агенттігі BAQ.KZ-пен тәжірибесін бөлісті

5 Қараша 2025, 15:30
371
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Түркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Билгехан Өзтүрк жасанды интеллектімен жұмыс істеудегі тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің медиакомпания жасанды интеллектпен дайындалған ақпараттың шынайылығын тексеру үшін агенттік бірнеше деңгейлі бақылау жүйесін қолданады, - деді Өзтүрк Astana Media Week апталығының кулуарында берген сұхбатында.

Анadolu Ajansı қолданатын тексеру механизмдері:

  • дереккөзді редактор мен тілші деңгейінде қайта тексеру;
  • растау;
  • метадеректерді талдайтын бағдарламалар;
  • әлеуметтік желілерді мониторинг жүйесі;
  • қосымша fact-check қабаты.
Түркияның беделді Anadolu Ajansı агенттігі BAQ.KZ-пен тәжірибесін бөлісті

Жаңалықтар адамдардың сараптауынан да, алгоритмдердің тексеруінен де өтеді. Біздің мақсат – технологияны бақылаусыз жіберу емес, журналистиканың сапасын арттыру, – деді ол.

Спикердің пайымдауынша, медианың болашағы – технологиядан қашуда емес, медиа ұйымдарын медиа технология компанияларына айналдыруда жатыр.

Еске салайық, елордада Astana Media Week 2025 5-7 қараша аралығында өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы