Түркияның батысында орман өртеніп жатыр

Түркияның батыс аймақтарында орман өрттері өршіп, ошақтарының саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 17 Тамыз 2025 2025, 11:52
17 Тамыз 2025 2025, 11:52
958
Фото: pixabay.com

Түркияның батыс аймақтарында орман өрттері өршіп, ошақтарының саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haber Global мәліметінше, Чанаккале провинциясында орман өрттері тоқтамай тұр. Кумкёй, Йолагзы, Караинбейли, Бююк Анафарталар және Кючюк Анафарталар ауылдарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт біртіндеп елді мекендерге жақындап келеді. Оны сөндіруге 12 тікұшақ, 12 ұшақ, техникалық құралдар және 560 адам жұмылдырылған. Алайда қатты жел өртті ауыздықтауға кедергі келтіруде. Дегенмен, сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өңір губернаторы Өмер Тораманның айтуынша, табиғи апат салдарынан Гелиболу ауданындағы Эджеабат пен Йолагзы ауылдарының тұрғындары да эвакуацияланған.

Наверх