Түркияның оңтүстік жағалауындағы Мерсин провинциясында «Аккую» атом электр станциясы салынып жатыр. Жергілікті фермерлер АЭС-тің қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мерсин провинциясында шамамен 2 миллион адам тұрады. Бұл өңірдің қолайлы климаты әртүрлі көкөністер, жаңғақтар мен жемістер, соның ішінде банан мен цитрус өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жағдайлар органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға да үлес қосады.
Бұл провинция Түркияның ауыл шаруашылық экспортында маңызды рөл атқарады. Цитрус, өрік, шие, қарақат, шабдалы, слива және құлпынай жеткізеді. Қазіргі талаптар бойынша органикалық және сапалы өнімдер өндіру жағынан бұл өңір Түркия экономикасында ерекше орын алады.
«Аккую» АЭС жобасын жобалау кезінде экологиялық қауіпсіздікке және қоршаған ортаға минималды әсер етуге ерекше назар аударылған. Жергілікті фермерлер АЭС құрылысын қолдаған. Себебі өңір энергиямен қамтамасыз ету мәселелеріне тап болып отыр, әсіресе қыста электр жарығының үзілуі электр қуаты мен жылудың жетіспеушілігіне әкеледі.
Жергілікті тұрғын Мустафа Гезер мен Фикрие Сак және де банан мен цитрус өсіретін фермерлер АЭС құрылысының жергілікті ауыл шаруашылығына оң әсерін игізіп отырғанын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы Түркияда белсенді дамып келеді және үкімет бізді қолдайды. АЭС құрылысын бастауымен жаңа өнімдерге сұраныс едәуір артты. Қызмет көрсету сапасы, құрылыс, туризм және басқа салалардың дамуы байқалады. АЭС инвестиция тартуға көмектесіп, өңірдің дамуына үлес қосады,-деді олар.
Жергілікті кәсіпкерлер де бизнесті кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер алды. 2022 жылы Силифкеде жергілікті жемістер мен жидектерден слайстар өндіретін кәсіпорын құрылды. Өндіріс жемістерді толық циклмен өңдеуді, оның ішінде жаңа күйінен орауға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Цитрус жемістерінің етінен құрғақ жемістер, ал қабығынан косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіпке арналған май жасалады.
АЭС іске қосылып, энергиямен қамтамасыз ету тұрақталғаннан кейін біз өндірісті кеңейтуді және жаңа пайдалы тауарларды ұсынуды жоспарлап отырмыз. Біздің кәсіпорынның әлеуметтік маңызы зор, себебі 70% қызметкерлер - әйелдер. Олар тұрақты табыс табуға мүмкіндік алды,- «Solagron» компаниясының бас директоры.
«Аккую» АЭС құрылысы өңірдің энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті ауыл шаруашылығы мен экономиканың одан әрі дамуына катализатор болады.
«Аккую» атом электр станциясының белсенді құрылысы басталғаннан кейін аудан экономикасы 40-50% өсті және біздің сауда-өнеркәсіп палатамызға қосылған жаңа кәсіпорындар саны 1600-ге жетті,-деді Силифке сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Нуреттин Кайнар.
Халықтың өсуі мен жұмыс күшінің келуімен 20 мың жаңа тұрғын үй салынды. Өңірдің өнеркәсібі белсенді дамып келеді. Бірақ жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады. Себебі көп адамдар АЭС құрылысында жұмыс істеуді қалайды.