Түркияға барған құтқарушыларға сыйақы төленеді

23 Ақпан 2023, 14:20
1071
Бөлісу:
Түркияға барған құтқарушыларға сыйақы төленеді

Түркияның зілзала болған аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық мамандарға арнайы сыйақы беріле ме? Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Түркияға барған құтқарушылардың бәріне ведомство бюджетінен сыйақы төленеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Бүгінгі таңда Төтенше жағдай министрлігі құтқару операциясына құтқарушылардың тізімі мен бүкіл құжаттарын Президент Әкімшілігіне жолдады. Ал ақшалай сыйақы бөлуді министрлік өз бюджетінен қарастырады. Бәріне төленеді, - деп жауап берді вице-министр.

Сонымен қатар ол Түркиядағы қазақтандық құтқарушылардың қалған жоқ екенін айтты. 18 ақпанда бірінші топ, 19 ақпанда екінші топ елге қарай ұшып келгенін атап өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін "Жер сілкінісіне еліміз дайын ба?" деген сауалға вице-министр жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы