Түркиядағы зілзала. Еліміздің құтқарушылары құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

14 Ақпан 2023, 09:47
1774
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала. Еліміздің  құтқарушылары құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркиядағы қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Видеода құтқарушылардың тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары көрсетілген. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады.

Өзгелердің жаңалығы