Түркиядағы жол апаты: Марқұм болған қазақстандықтың күйеуі де қайтыс болды

7 Қыркүйек 2023, 11:16
1809
Бөлісу:
Түркиядағы жол апаты: Марқұм болған қазақстандықтың күйеуі де қайтыс болды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Түркиядағы жол апаты салдарынан қаза болған әйелдің күйеуі де көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық журналист Арайлым Бақытжанның күйеуі жол апатынан кейін ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен болатын. ҚР СІМ мәліметінше, кеше 6 қыркүйекте ол түркиялық ауруханада қайтыс болды. 

Ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл отбасының үш бірдей мүшесінің денелері Қазақстанға бүгін жеткізіледі, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін жалмады: ерлі-зайыптылар мен олардың екі жасар қызы. Олардың артында 2014 жылғы ұлдары қалды. Ол қазір Қазақстанда туыстарының қасында.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте Түркияда жол апаты болды. Туристерді тасымалдаған сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, салдарынан сафаридегі жолаушылар көшеге ұшып кеткен. Оқиға орнында үш адам қаза тапты: қазақстандық және оның қызы, сонымен қатар ресейлік турист. Қазақстандық журналистің жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, сафари жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпаған, сол себепті ауыр соққы кезінде көшеге ұшып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы