Түркиядағы инфляция 32 пайыздан асты

Сәуірде елдегі жылдық инфляция 32,37 пайызға жетті.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 11:53
Бүгiн 2026, 11:53
112
Фото: pixabay.com

Түркияда тұтыну бағасының өсімі қайта үдей түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркия статистика институтының (TÜİK) мәліметінше, сәуір айындағы инфляция айлық және жылдық көрсеткіш бойынша сарапшылар болжаған деңгейден жоғары болған.

Жарияланған статистикаға сәйкес, сәуірде айлық инфляция 4,18 пайызды құрады. Ал нарық сарапшылары 3,28 пайыз болады деп күткен еді. Жылдық инфляция 32,37 пайызға жеткен. Сарапшылар бұл көрсеткіш 31,25 пайыз шамасында болады деп болжаған.

Жаңа деректер Түркия экономикасындағы инфляциялық қысымның әлі де сақталып отырғанын және баға өсімінің нақты қарқыны нарық күткен межеден асып түскенін көрсетеді.

Статистика жарияланғаннан кейін Түркияның Қаржы және қазына министрі Мехмет Шимшек инфляцияның жеделдеуі уақытша құбылыс екенін айтты.

Инфляцияның күрт өсуі дезинфляция үдерісінің уақытша әрі болжанған жалғасы ретінде қарастырылады, – деді ол.

Сәуір айындағы соңғы мәліметтер бойынша Түркия инфляция деңгейі ең жоғары елдер арасында әлемде бесінші орынға шыққан. Бұл көрсеткіш бойынша Венесуэла, Оңтүстік Судан, Иран және Аргентина ғана Түркиядан алда тұр.

Еуропа елдерінің ішінде Түркия жылдық әрі айлық инфляция көлемі бойынша көш бастап келеді. Екінші орында – Румыния, үшінші орында бірнеше жылдан бері Ресеймен соғыс жағдайындағы Украина орналасқан.

Салыстыру үшін айтсақ, Еуропалық одақ елдеріндегі орташа жылдық инфляция деңгейі шамамен 2,3 пайызды құрайды.

Наверх