"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Түркиядағы қазақстандық студенттер қауіпсіз жерде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталықтың мәліметінше бұл елде бағдарлама бойынша 25 қазақстандық стипендиат білім алып жүр.
Барлық стипендиат орталық қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста және қажет болған жағдайда көмек сұрай алады, - деп жазылған хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартуды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жергілікті биліктің нұсқауларын орындауды ұсынады.
Түркиядағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс нөмірлері:
ҚР елшілігі (Анкара): +905352734496
ҚР Бас консулдығы (Ыстамбұл): +905012621465
ҚР Бас консулдығы (Анталья): +905394400522
ҚР Бас консулдығы (Измир): +905530998789
Түркиядағы халық толқуы басылған жоқ және Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу қамауға алынғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Оппозициялық саясаткер оппозицияның жалғыз кандидаты болды.