Түркиядағы бір жастағы баласын теңізге лақтырған әйел ұсталды

Бүгiн, 06:32
244
Бөлісу:
Түркиядағы бір жастағы баласын теңізге лақтырған әйел ұсталды
Фото: pixabay.com

Түркияның Измир қаласында жаға ұстатарлық жай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haberturk.com таратқан мәліметке сүйенсек, 30 жастағы әйел Бенгилер ауданында теңізге түсіп, ол жерде кішкентай сәбиін тастап кеткен.

Оқиғаның куәгерлері баланы дереу судан алып шығып, медициналық қызметкерлерді көмекке шақырған. Дәрігерлер баланы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызды.

Әйел оқиға орнында ұсталды. Алдын ала деректерге сәйкес, оның психикалық бұзылысы бар. Қазіргі кезде ол қамауға алынды, қажетті процедуралардан соң сотқа тапсырылады.

Өзгелердің жаңалығы