Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда болған зілзаладан қаза тапқандардың саны 42 адамға жетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша 42 адам қаза тапты. Измирде құтқарушылар 9 бұзылған ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр, - делінген Түркияның Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар агенттігі таратқан хабарламасында.Естеріңізге сала кетейік, магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі Эгей теңізінің Сеферхисары ауданында болды. Табиғи апаттың эпицентрі 16,54 км тереңдікте болған. Жер сілкінісінен кейін 296 дүмпу сзеліп, оның 27-сінің магитудасы 4 балдан асқан болатын.