Түркияның Сивас және Токат провинцияларында 2026 жылдың басынан бері кене шаққаннан кейін алты адам қайтыс болды. Бұл туралы Haber Global телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, кезекті құрбан Токат провинциясының Артова ауданындағы Пойразалан ауылының 60 жастағы тұрғыны болған. Мал шаруашылығымен айналысқан ер адам дене қызуы көтеріліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жағдайы нашарлаған соң ол Сивас провинциясындағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозын қойған.
Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, науқас көз жұмды.
БАҚ мәліметінше, ер адам денесіне жабысқан кенені өз бетінше алып тастаған. Мамандардың болжамынша, бұл ауыр асқынулардың дамуына себеп болуы мүмкін.
Түркия билігінің мәліметіне сәйкес, осы жағдайды қоса есептегенде, жыл басынан бері Сивас провинциясында кене шаққаннан кейін қайтыс болғандар саны алты адамға жетті.
Осыған байланысты құзырлы органдар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, денеге кене жабысқан жағдайда немесе аурудың алғашқы белгілері байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге қаралуға шақырды.